Шымкент қаласындағы тіл жанашырлары мараптталды

0
1 746

Шымкентте тілдер мерекесіне орай 4-11 қыркүйек күндері аралығында мерекелік апталық өтіп жатыр.


Шымкент қаласындағы тіл жанашырлары мараптталды

Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы тілдері күніне арналған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» қалалық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған форумға Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, ардагерлер мен зиялы қауым өкілдері, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының ғалымдары, БАҚ өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысып, құттықтау сөз сөйлеген Шымкент қаласының әкімі Ерлан Айтаханов мемлекеттік тілдің рөліне тоқталып өтті.

«Жазушы Мұхтар Шаханов ағамыз «Тіл - әр ұлттың ең ұлы анасы» - деп бекер айтқан жоқ. Егемендігімізді алғалы бері Қазақстанда жүзден астам әр түрлі ұлттың азаматтары өмір сүруде. Мемлекетімізде жүргізіліп жатқан саясаттың негізінде барлығы да өзінің тілін дамытуға, сақтап қалуға, салт-дәстүрін нығайтуға жағдай жасалған. Бүгінгі мемлекеттік тіліміз - ол қазақ тілі. Кеше Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру жөнінде біршама мәселелер айтып кетті. Сонымен қатар, мемлекеттік тіліміз ұлтаралық қатынас тілге айналуы керектігін де сөз етті. Сондықтан біз шымкенттіктер бірлесе осы бағытта үлкен жұмыс істеуіміз керек. Осы мерекені тек қана бір күнде насихаттап, ұлықтап қоймай, тыныс- тіршілігімізде, тұрмысымызда өз әрекетімізбен, өз іс-қимылымызбен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуіміз қажет»,-деді қала әкімі өз сөзінде.

Сонымен қатар, форум аясында мемлекеттік тілдің дамуына өзіндік үлесін қосып жүрген қаламыздағы тіл жанашырлары марапатталып, қатысушылар Абай шығармаларының композициясын тамашалады және Қобыланды батыр жырынан үзінді тыңдады.

Айта кетейік, Шымкентте тілдер мерекесіне орай 4-11 қыркүйек күндері аралығында мерекелік апталық өтіп жатыр.