Шымкент қаласының 147 білім беру ұйымы сапалы интернет желісімен қамтамасыз етілген

0
635

2023 жылы 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді.


Шымкент қаласының 147 білім беру ұйымы сапалы интернет желісімен қамтамасыз етілген

ERNUR.KZ. Бұл туралы Ы.Алтынсарин атындағы №65 гимназиясында өткен арнайы пресс-турда Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов айтты.

Қазіргі таңда қаламыздағы білім беру мекемелерін сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету мақсатында, жоспарға сәйкес мемлекеттік ашық конкурстары өткізілді. Бүгінде, конурс жеңімпазы анықталып, қала аумағындағы 147 мектепті 150 мбит/сек (100 мбит/сек – оқу процессі, 50 мбит/сек – камера және SOS батырмасына) төмен емес жылдамдықтағы интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар, 2023 жылы 20 елді мекенді талшықты оптика желісімен қамту жұмыстары жоспарға енгізілді. Бүгінде, елді мекендер тізімі бекітіліп, жыл басынан бері 16 елді мекенде тиісті жұмыстар атқарылған. Олар: Қайнарбұлақ саяжай аумағы, Нұршуақ, Бозарық жаяжау аумағы, Бозарық жаңақұрылыс аумағы, Ынтымақ-1 және Ынтымақ-2, Оңтүстік ш/а, Самал-1, Кіші Самал, 112-Орам, Карл-Маркс, Тассай бөлімшесі, Тараз, Шапағат, Асар-2 және Мирас елді мекендері. Қалған 4 елді мекенге оптика желісін жүргізу үшін қажетті құрал жабдықтарды сатып алу және монтаждау жұмыстары атқарылуда. Тиісті жұмыстар жыл соңына дейін атқарылып, 316 000 ға жуық қала тұрғындарына жоғарғы жылдамдықты интернет желісіне қосылуға мүмкіндік жасалынатын болады.