Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын «ЮНЕСКО» көлемінде атап өту ұсынылды

0
2 483

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы 2019 жылдың алғашқы 10 айында атқарған жұмыстары және алдағы жоспарларымен бөлісті.


Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойын «ЮНЕСКО» көлемінде атап өту ұсынылды

Шымкент қаласының 2200 жылдық мерейтойы «ЮНЕСКО» көлемінде тойланғалы жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, келер 2020 жылы Шымкент қаласына 2200 жыл болады. Осыған орай ЮНЕСКО-ға тиісті ұсыныстардың жолданғандығы жөнінде бүгінгі Шымкент қаласы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингі барысында Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ғалия Шарафиева мәлімдеді. Дегенмен, ресми түрде қабылданған шешім алдағы уақытта жарияланады.

Сондай-ақ, аталған жиын барысында Шымкенттегі туризм саласы жайында сөз қозғаған Ғалия Шарафиева Шымкент зоологиялық саябағына келушілер саны 400 мыңға жуықтағанын айтты. Оның сөзіне сүйенсек, бұл 2019 жылдың алғашқы 10 айындағы көрсеткіш.

«Қазір Шымкент зоологиялық саябағында 265 түрлі 2516 жануар бар. Зообақ аумағында террариум, көгершіндер вольері, варандар мен тасбақалар вольері, сурикаттар вольері, құстар вольері, жыртқыш құстар вольері, жапон макакалар вольері, гепард вольерінің құрылыстары жүргізіліп жатыр», - дейді Ғ. Шарафиева.