Шымкент қаласының 4 тұрғынынан covid-19 анықталды

0
553

Қазақстанда өткен тәулікте 70 адам коронавирус жұқтырған


Шымкент қаласының 4 тұрғынынан covid-19 анықталды

13.10.2020 жылғы мәлімет бойынша, Қазақстанда өткен тәулікте 70 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласының 4 тұрғыны індет жұқтырды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде.
Қосымша айта кетсек, Шымкент қаласы бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны бүгінде 5207-ге (+4) жетсе, жазылып шыққандар саны 5129 адамды құрайды. Ал, індеттен қайтыс болғандар саны 71-ге жеткен.
Осыған байланысты, медицина мамандары қала тұрғындарына қатерлі індеттің әлі де қауіп төндіріп тұрғанын ескертеді. Сақтық шараларына салғырт қарамай, адамдар көп шоғырланатын орындардан аулақ болуын, қоғамдық көліктерде, дүкендер мен қоғамдық тағамдану орындарында бетперде киіп жүруге шақырады.