Шымкент қаласының әкімі ардагерлермен кездесті

0
2 028

Басқосуда аға буын қаланың дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді.


Шымкент қаласының әкімі ардагерлермен кездесті

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ардагерлермен кездесіп, биыл атқарылған жұмыстарды саралады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

–Індетке байланысты өздеріңізбен ұзақ уақыт жүздесе алмадық. Алайда жаңа жыл қарсаңында шақыртуымызды қабыл алғандарыңыз үшін рақметімді жеткізгім келеді. Қаланы гүлдендіру жолында сіздердің ақыл-кеңестеріңіз бен ой-пікірлеріңіз біз үшін өте маңызды. Алдағы жылы да, әр бастаманы сіздермен кеңесіп, бірлесе жұмыс атқаратын боламыз, - деді қала әкімі.
Сөз соңында ардагерлерді жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұзақ ғұмыр тіледі.
Басқосуда аға буын қаланың дамуы үшін әрқашан кеңесуге дайын екенін жеткізді.
Кездесeде барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталды.