​Шымкент қаласының әкімі Білім күнімен құттықтады

0
313

2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізіледі.


​Шымкент қаласының әкімі  Білім күнімен құттықтады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Құрметті ұстаздар, студент жастар мен оқушылар! Сіздерді ең шуқаты мереке - Білім күнімен құттықтаймын!
Еліміздің бүгінгідей бейбіт заманда, өркениет кеңістігінде өмір сүріп жатқаны, болашаққа маңызды стратегиялық жоспарлар бекітіп, осы бағытта кешенді шараларды жүзеге асырып отырғаны - білімнің жемісі.
Ел ертеңі - жастарға үлкен үміт артып отырған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, цифрлық дәуірдегі жаңа білім мен дағдылар жаңа буынның болашақ табысының кілті болып табылады.
Сондықтан да жас ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие алуына барынша қолдау білдіріп, жағдай жасау - біздің міндетіміз.
Жаңа оқу жылында қаламызда жаңа мектептер мен қолданыстағы білім нысандарына қосымша ғимараттар салудың нәтижесінде үш ауысымды мектеп мәселесі шешімін тапты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қаламызда 2023-2025 жылдар аралығында «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 25 мектептің құрылысы жүргізіледі. Мұның барлығы да жас буының заман талабына сай білім алуы мақсатында жасалып отырған игілікті шаралар!
Жаңа оқу жылында зейіндеріңіз ашылып, білім-біліктіліктеріңіз арта берсін! Бүгінгі Білім күні - жаңа белестердің бастауы болсын!", - деді қала әкімі.