Шымкент қаласының қонағын тонап кеткен ұры ұсталды

0
2 624

Сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүрген уақытта ұрлап кеткен


Шымкент қаласының қонағын тонап кеткен ұры ұсталды

иллюстрациялық фото: perepel-krym.ru

ERNUR.KZ. Шымкент қаласының полицейлері сауда орындарындағы қалта ұрлығын анықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қалалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, 08.08.2018ж. Шымкент ҚІІД Әл-Фараби ПБ-нің кезекші бөліміне қала қонағы арызданған. Онда сауда орталықтарының бірінде қыдырып жүрген уақытта, банкоматтан шешіп алған ақшасын шалбарының артқы қалтасынан (25.400 теңгені) жасырын түрде белгісіз тұлғалар ұрлап кеткені туралы жазып көрсеткен.

Осыған орай, жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қалалық полиция қызметкерлері күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғынын ұстады.

Аталған жайт ҚР ҚК «ұрлық» бабы бойынша СДТБТ-не тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.