ШЫМКЕНТ: «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

0
820

Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын.


ШЫМКЕНТ: «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталады

Шымкент қаласының тұрғындарын баспанамен қамтамасыз етуге арналған жаңа «Қамқор» бағдарламасы маусым айында басталу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл жөнінде Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазіргі уақытта Отбасы банкі өтінім беру жүйесін аяқтауға жақын. Бұл бағдарлама ең алдымен тұрғын үй кезегіне тіркеле алмайтын сала мамандарына арналған. Оған дәрігерлер, медбикелер, санитарлар, педагогтар, тәрбиешілер, ЖОО және колледж оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет және спорт саласының қызметкерлері, журналистер, энергетика саласының және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ филиалының қызметкерлері, мемлекеттік және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері қатыса алады.

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы шеңберінде өтінімдерді қабылдау және әлеуетті қарыз алушылардың тізімін қалыптастыруда басты оператор Отбасы Банкі. Жеңілдетілген несиелеуге үміткерлерді іріктеден өткізу балдық жүйе арқылы есептеледі.
Бағдарламаның шарттары:
- Максималды несие соммасы - 20 млн теңге;
- пайыздық мөлшерлеме - 5% (ЖТСМ - 5.2% бастап);
- бастапқы жарна - 10%;
- бірінші және екінші нарықтан баспана ала аласыз;
- ЖАО-да кезекке тұру міндетті емес;
- Шымкент қаласында соңғы 3 жылда тіркелген (прописка) болу керек;
- белгілі бір жұмыс орнында Шымкент қаласында соңғы 12 айдан кем емес еңбек қызметін жүзеге асыру;
- атыңызда және отбасыңызда соңғы 5 жыл баспана тіркелмеген болуы керек.
Айта кетейік, Шымкент қаласында мемлекеттік бағдарламалар аясында қала тұрғындарын баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді.
Жыл соңына дейін 324 арендалық пәтер түрлі санаттағы азаматтарға, 888 пәтер жұмыс істеп жүрген жастарға, 1919 пәтер несиелік негізде беру жоспарланған. Оның ішінде жыл басынан бері тұрғын үй кезегінде тіркелген 1293 азамат ипотекалық негізде «Отбасы банк» арқылы баспаналы болды. Яғни, 1047 пәтер «5-20-25» бағдарламасымен, 246 пәтер «2-10-20 Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілді.