ШЫМКЕНТ: Карантин режимін бұзған 7 нысан жабылды

0
897

Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамаған тағы 13 кәсіпкерлік нысанға хаттама толтырылды.


ШЫМКЕНТ: Карантин режимін бұзған 7 нысан жабылды

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданында карантин режимін бұзған 7 кәсіпкерлік нысан жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бас мемлекеттік санитариялық дәрігер Әбдіманап Төлебаевтың Қаулыларының орындалуы бойынша Әл-Фараби ауданынан құрылған мониторингтік топ аудандағы кәсіпкерлік нысандарды аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Құзырлы мекемелердің қатысуымен жүргізілген түсіндіру жұмыстары барысында 7 кәсіпкерлік нысанды жабуға ұсыныс берілді. Өйткені олар карантин режимін сақтамай, тұтынушыларға қызмет көрсеткен.

Санитарлық-эпидемиялық талаптарды сақтамаған тағы 13 кәсіпкерлік нысанға хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, қоғамдық орындардағы санитарлық талаптың сақталуын әр ауданнан бекітілген мониторингтік топ күнделікті бақылап, тексеру жұмыстарын жүргізіп отырады. Ал талапқа сай еңбек етпегендерге заң арқылы шара көріледі.