ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 500-ге жуық көшеге асфальт төселеді

0
382

Қала басшысы алдағы төрт жылда ауданда ұзындығы 441,2 шақырым болатын жолға асфальт төселеді.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында 500-ге жуық көшеге асфальт төселеді

2025 жылға дейін Қаратау ауданындағы 466 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтенов аудан тұрғындарымен болған кездесуде мәлімдеді.

Қала басшысы алдағы төрт жылда ауданда ұзындығы 441,2 шақырым болатын жолға асфальт төселетінін, өткен жылы 58,6 шақырымды құрайтын 61 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілгенін атап өтті.
Жалпы ауданда барлығы 1272 көше болса, оның 11 магистралды, 1261 ішкі орамдық көше. Ішкі орамдық көшелердің 28-і топырақ жол, 761 тас жол, ал 472-сі асфальт жол.