ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында атаулы әлеуметтік көмекке 14 мыңнан аса өтініш түскен

0
510

Нәтижесінде 12 062 отбасы мұқтаж деп танылды.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында атаулы әлеуметтік көмекке 14 мыңнан аса өтініш түскен

Шымкент қаласының аудан аумақтарында мұқтаж отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қаратау ауданы әкімі аппаратында бұл мақсатта 12 учаскелік комиссия құрылып, құрамына 80 адам тартылған.
Жыл басынан бері Қаратау ауданы бойынша атаулы әлеуметтік көмекке 14 427 отбасы өтініш білдірген. Нәтижесінде 12 062 отбасы мұқтаж деп танылды. 2 365 отбасыға түрлі көрсеткіштегі себептермен мұқтаж еместігі жөніндегі қорытынды берілген.
Айта кетейік, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті Заңнамаға сәйкес отбасының табысы кедейлік шегінен аспайтын (2021 жылдың ІІІ тоқсаны бойынша – 23 679 тг) отбасылар бере алады. Берілген өтініштер аудан әкімдігі жанынан құрылған учаскелік комиссияға жолданады. Комиссияның тексеру жұмыстары нәтижесінде оң қорытынды алған отбасыларға ғана МӘК тағайындалады және төлем жүргізіледі.