ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті

0
574

Бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері қоныстанған.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті

Бүгін Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Таскен тұрғын алабында жергілікті тұрғындармен қоғамдық келісім мәселесіне арналған кездесу өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған кездесуге ҚХА жанындағы қоғамдық құрылымдардың мүшелері, Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов, қалалық «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Н.Әбдікәрім қатысты.

Кездесу барысында аталмыш азаматтардан бөлек, абыройлы ақсақалдар мен белсенді азаматтар сөз сөйлеп, пікірлерін айтты. Берекелі бірлікті бекемдеуді көздеген ашық диалог алаңына осы аумақтағы мектептердің жоғары сыныбында оқитын оқушылар да арнайы шақырылды.

Кездесуде өскелең ұрпақ - жас буынға дұрыс тәрбие беру, қоғам мүшелерін ұлтына, тіліне, дініне қарап, кемсітпеу мәселелері байсалды түсіндірілді. Сондай-ақ жиын барысында этносаралық ахуал, қоғамдық келісімді сақтау, құқықтық тәрбие, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу сынды бірқатар жайттар сөз болды

Өйткені, бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етеді. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін аянбай еңбек ету өте маңызды.

Кездесу барысында өскелең ұрпақ - жас буынға тағылымды тәрбие беру мәселелері туралы айтылып, қоғамдық келісімді сақтау, ішкі бірлікті бекемдеу жайы түсіндірілді.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласы аумағындағы 23 тұрғын алапта этнос өкілдері қоныстанған. Осы аумақтағы тұрақтылықты сақтау, мемлекеттік саясат пен қолданыстағы заң талаптарын түсіндіру, жағымсыз жағдайлардың алдын алу бағытында жыл басынан бері 54 мақсатты кездесу өткізіліп, этносаралық қарым-қатынасқа ықпал ететін ықтимал жағдайларға талдау жасалды. Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан 17 этномәдени бірлестік қызмет атқарып жатыр. Ал, олардың жанында 21 шығармашылық ұйым мен 3 жексенбілік мектеп жұмыс істейді.