ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында қоқыс алаңшалары жаңартылды

0
425

375 қоқыс контейнері және 30 қоқыс алаңшасы жаңартылуда.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында қоқыс алаңшалары жаңартылды

Шымкент қаласы Қаратау ауданында қоқыс контейнерлері мен қоқыс алаңшаларын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтқанда 375 қоқыс контейнері және 30 қоқыс алаңшасы жаңартылуда.
Ауданға қарасты 554 көп қабатты үй 176 аулаға біріктірілген. Аталған аулаларда 96 қоқыс алаңшасы және 420 қоқыс контейнерлері бар.
Жалпы аудан әкімдігі тарапынан бүгінге дейін полиция қызметкерлерімен бірлесе белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша рейдтік шара ұйымдастырып, айыппұл хаттамалары толтырылды.
Ауданда тұрмыстық қалдықтар кесте бойынша тәулігіне 1 рет, халық тығыз шоғырланған аймақтарда 2 реттен тазартылуда. Сонымен қатар, тұрақты тазалықты қамтамасыз ету мақсатында жиі сенбіліктер ұйымдастырылып, оған тұрғындар мен арнайы тазалық техникалары жұмылдырылып келеді.