ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

0
417

Аудан әкімнің орынбасары мекемедегі қар күрейтін және жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын арнайы техникалардың жұмыстағы бағытымен танысты.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданында техникалардың қысқа дайындығы тексерілді

Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің орынбасары А.Парманов арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтау үшін «Zhasyl zher» мекемесінің мамандарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мердігер мекеменің 150-ге жуық қызметкер мен 50 техникасы ауданның негізгі көшелері мен көпқабатты үйлердің ауласына тазалық жұмысын жүргізеді.
Аудан әкімнің орынбасары мекемедегі қар күрейтін және жаяу жүргіншілер жолын тазалайтын арнайы техникалардың жұмыстағы бағытымен танысты.
Құм мен тұз қоспасының сапасы - 1кг тұзға 3 кг құм болу талабының орындалуын, жиналған қарды тасымалдау сызбасы кестеге сай жүргізуді тапсырды.
Ең басты талап – қар жауған сәтте тұрғындардың кептеліссіз жетуіне жағдай жасау үшін жолдарды таңғы қарбаласқа дейін тазалуды жүктеді.