​Шымкент: Қаратау ауданындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады

0
1 131

Бұл іске жекелеген кәсіпкерлер де атсалысып жатыр.


​Шымкент: Қаратау ауданындағы 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады

Шымкент қаласы Қаратау ауданында 6 мыңнан астам мұқтаж отбасына тегін азық-түлік таратылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Қаратау ауданының әкімі Абзал Әліқұлов мәлімдеді.

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Біз біргеміз» республикалық акциясы аясында тегін азық-түлік тек аз қамтамасыз етілген отбасыларға ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, мүгедек бала тәрбиелеп отырған, көп балалы және асыраушысынан айырылған отбасыларға да берілетінін мәлімдеген болатын. Осыған орай біз аудандағы аталған санаттарға жататын отбасылардың тізімін жасап шықтық. Әзірге тізімге 6 мың отбасы алынып отыр. Келесі аптаның басынан бастап тегін азық-түлік олардың үйіне жеткізіп беріледі. Егер тізімге ілінбей қалғандар мұқтаж жандар болса, біз ешкімнің өтінішін аяқсыз қалдырмаймыз, — деді Абзал Шымкентбайұлы.

Аудан әкімінің айтуынша, бұл іске жекелеген кәсіпкерлер де атсалысып жатыр. Айталық күні кеше «Шымкент құс» компаниясы Қаратау ауданындағы аса мұқтаж отбасыларға 300 келі құс етін тегін таратқан. Сондай-ақ, аты-жөнін жарияламауды сұраған тағы бір кәсіпкер аудан тұрғындарына бір күнде әрқайсысы елі келілік 250 қап бірінші сұрыпты ұнды тегін таратқан.