ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының әкімі ауысты

0
2 735

Жаңа әкім осыған дейін Түркістан облысында қызмет атқарған.


ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданының әкімі ауысты

Шымкент қаласы, Қаратау ауданының әкімі ауысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатында Мәслихаттың кезектен тыс 54-ші сессиясы өтті. Аталған сессия барысында Қаратау ауданының әкімі Исамиддин Қантөреевтің өзге лауазымға ауысуына байланысты Қаратау ауданының әкімі болып Абзал Шымкентбайұлы тағайындалды.

Әліқұлов Абзал Шымкентбайұлы 1972 жылы 19 маусымда қазіргі Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін және Халықаралық гуманитарлы-техникалық университетін экономист-менеджер және заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО Шардара ауданында статист болып бастаған;

1997-2007 жылдары ОҚО Қорғаныс істері жөніндегі департаментте жауапты және басшы лауазымдарында әскери қызметте, офицерлік құрамда қызмет еткен;

2007-2008 жылдары Шымкент қалалық Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында бөлім меңгерушісінің орынбасары, ОҚО Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің орынбасары лауазымдарында қызмет атқарған;

2008-2012 жылдары Шымкент қаласы Еңбекші ауданының әкімі, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары болған;

2012-2019 жылдары Арыс қаласы әкімінің орынбасары, ОҚО Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, Облыс әкімінің бас инспекторы, Түркістан облысының Энергетика және Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Тауарлар шығарылғаннан кейінгі кедендік бақылау басқармасының басшысы болып қызмет істеген.