ШЫМКЕНТ: Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері ауысты

0
2 070


ШЫМКЕНТ: Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері ауысты

Астана қаласындағы кардиохирургия орталығындағында қызмет еткен білікті маман Қуатбаев Ермагамбет Мұханұлы, Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың бас дәрігері қызметіне тағайындалды - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қуатбаев Ермаганбет кардиохирургия саласында көптеген жылдан бері еңбек етіп келеді. Ол бұған дейін Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталықта бірнеше жыл бөлім басшысы қызметін атқарып, жүрегінде ахауы бар мыңдаған азаматқа күрделі ота жасаған. Сондай-ақ Шымкенттегі кардиологиялық орталықта бөлім басшысы болып жұмыс істеген. Сондықтан Ермаганбет Қуатбаев үшін жаңа қызметі таңсыз емес.
Ал бүгінге дейін Шымкент қаласындағы кардиологиялық орталықтың бас дәрігері қызметін атқарған Спандияр Бекжігітов пайғамбар жасына толып, құрметті зейнет демалысына шықты.