ШЫМКЕНТ: Карл Маркс шағын ауданындағы 10-ға жуық көше жөндеуден өтеді

0
1 050

Алдағы жылдары тағы 8 көшеге асфальт жол салынады.


ШЫМКЕНТ: Карл Маркс шағын ауданындағы 10-ға жуық көше жөндеуден өтеді

Биыл Шымкент қаласы Карл Маркс шағын ауданындағы 7 көше орташа жөндеуден өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты 8 елдімекен тұрғындарымен кездесті. Есепті кездесуге 6 мыңға жуық халқы бар Карл Маркс шағын ауданының белсенді азаматтары қатысты.
Жиында аудан әкімі Б.Парманов аталған шағын ауданда атқарылатын жұмыстар жайын баяндады.
Аудан әкімінің мәліметінше, биыл Бақшалы, Құрылыс, Айшықты-2 және атауы жоқ №1,2,3,4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал алдағы жылдары тағы 8 көшеге асфальт жол салынады. Сонымен бірге 2 балалар алаңшасы салынып, жыл соңында шағын аудан сапалы интернетпен қамтылатын болады.
861 отбасы қоныстанған Карл Маркс шағын ауданы толығымен сапалы электр жарығымен, ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған.