«Шымкент-Кашемир»​ зауытының екінші кезеңі іске қосылады

0
2 581

Кәсіпорын жылына 2000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүн дайындайды.


«Шымкент-Кашемир»​ зауытының екінші кезеңі іске қосылады

«Шымкент-Кашемир» зауытында – жүнді жуу және тарау алғашқы өңдеу цехы толығымен пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Цех ең алдымен өзіндік өндірісті шикізатпен жарақтандыру үшін құрылған болатын. Жылына 2000 тоннаға дейін жуылған және таралған жүн дайындайды. Кәсіпорында негізінен жергілікті шикізат пайдаланылуда.


Зауыт директоры, жас кәсіпкер Санат Шағанбекұлының айтуынша, кәсіпорын өз саласында, өз ауқымы бойынша еліміздегі ең үздіктердің бірі.

– Кеңес уақытынан бері танымал, жүнді алғашқы өңдеуші ірі зауыттар қазір тоқтап қалған. Өкінішке қарай, өндірістің бұл түрі төмен табысты салаға жатады және үлкен салымдарды талап етеді. Бірақ АЭА-да орналасқандықтан және жекелей жеңілдік пен артықшылықтар есебінен біз жұмыс ауқымын кеңейтуге мүмкіндік алдық, – дейді Санат Шағанбекұлы.

2017 жылы зауыт айналым құралын толықтыруға «Bank RBK» АҚ банкі арқылы несие алды. Кәсіпорын үшін пайыз мөлшерлемесі 17 %-ы құрады, оның 7 %-н «Даму» Қоры субсидиялайды.
Қазіргі таңда кәсіпорынның екінші кезеңін іске қосу бойынша жұмыстар атқарылуда. Таралған жүн тізбегін өндіретін цех дайын тұр. Сатып алынған құрылғылардың жартысы орнатылған. Бүгінде сынамалар жүргізілуде.

Отандық өнімдердің сапасы жоғары, моңғол, итальян, грек және ресейлік аналогтардан еш кем түспейді. Сондай-ақ, бағасы да әлдеқайда қол жетімді.