ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді

0
481

Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.


ШЫМКЕНТ: Кәсіпкерлік нысандарға зерделеу жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты этнос өкілдері тығыз шоғырланған тұрғын алаптардағы кәсіпкерлік нысандарға ҚР «Тіл туралы» заңы талаптарын сақталуына қоғамдық бақылау мен зерделеу жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының, қалалық мәдениет, тілдер дамыту және архивтер басқармасының қызметкерлерімен бірлесе Береке, Химфарм шағынаудандары және "Қазына" сауда үйіне бақылау жұмыстары жүргізілді.
Нәтижесінде, 54-ке жуық кәсіпкерлік нысандарға көрнекі ақпараттық мәтіні заңға сәйкес еместігі анықталып, кемшіліктерді шұғыл жою туралы ескертілді. Сонымен қоса, Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21 бабы түсіндіріліп, заң талаптарын сақталуы жөніндегі парақшалар таратылды.

Оның ішінде 10 кәсіпкерлік нысан анықталған кемшіліктерді дер кезінде ретке келтірілді. Алдағы уақытта аталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізілетін болады.