ШЫМКЕНТ: кәсіпорындардың сұранысы негізінде 1380 жас кәсіптік білім алуда

0
123

Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 2 жылда 10%-ға өсіп отыр.


ШЫМКЕНТ: кәсіпорындардың сұранысы негізінде 1380 жас кәсіптік білім алуда

ERNUR.KZ. Бүгінде Шымкентте 39 техникалық және кәсіби білім беру ұйымында 49 348 студент білім алуда.

Мемлекеттік тапсырыстың көлемі соңғы 2 жылда 10%-ға өсіп отыр. 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік тапсырыс негізінде 11250 орын бөлінсе, оның 85%-ы техникалық, технологиялық және қызмет көрсету салаларының үлесінде.


Бұл туралы бүгін Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз конференциясында Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Нұргүл Шәмшиева айтты.

2022-2023 оқу жылдары мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін ТжКББ қамтылған 9-сынып оқушылар үлесі 66% құраса (7 827 орын), 2023 жылы 80%-ға дейін артып, 9 мың 9-сынып бітірушілері қажетті мамандықтар бойынша тегін оқумен қамтылған.
Айта кетсек, Шымкент қаласындағы 11 мемлекеттік колледждің 8-і техникалық және технологиялық бағытта кадрлар даярлаумен айналысады. Колледждерде кадрлар даярлау өңір экономикасының маңызды салалары бойынша 75 мамандық және 166 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Қазіргі таңда кәсіпорындардың сұранысы негізінде нысаналы тапсырыспен 1380 маман білім алуда.
Академиялық дербестік аясында 24 колледжде дуальды оқыту форматы жүзеге асырылады. Студенттердің 25%-ы дуальды оқытумен қамтылған. 2022-2023 оқу жылдары бойынша жұмысқа орналасқан түлектердің саны 85%-ы құрап отыр. Аталған бағытта бітіруші түлектерді жұмыспен қамту үшін 18 колледж 28 кәсіпорындардың қамқорлығына алынған. Сонымен қатар, 150 кәсіпорынмен 3250 шарт пен келісім жасалған, оның шеңберінде түлектер одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамадан өтетін болады. Одан бөлек, 24 кәсіпорыннан 26 тәлімгерге төлем жасалынуда.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы қаламызда алғаш рет 2 колледжде 10-11 сынып оқушылары (45 оқушы) үшін жұмысшы мамандықтары бойынша эксперименттік білім беру бағдарламалары енгізілді. Пилоттық жоба бойынша 1,5 жылдан кейін оқушылар орта білім туралы аттестатпен қоса, тігінші, аспаз, авто-газ дәнекерлеуші мамандықтары бойынша диплом алып шығады.