​Шымкент: Кезекші сыныптағы оқушылар саны 1,5 есеге артты

0
935

Күзгі демалыс уақыты 2 күнге ұзартылды.


​Шымкент: Кезекші сыныптағы оқушылар саны 1,5 есеге артты

1-4 сынып оқушылары ата-аналардың өтінішіне сәйкес 49 640-тан 56 520-ға көбейді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Әр кезекші сыныпта санитарлық талаптар қатаң сақталып, оқушылар түрлі уақыт арасында үзіліске шығады.Мектеп басшылығы санитарлық жағдайларға жауапты болғанмен, не мұғалімдерді не оқушыларды қорғаныс құралдарымен қамтуға міндетті емес дейді сала басшы.

- Әркім қорғаныс құралдарын өздері алу керек. Ата-аналар балаларының қауіпсіздігі үшін медициналық маскаларды ауыстырып отыруын қамту керек, - дейді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева.

Қаладағы мектептерде 22% оқушы кезекші сыныптар арқылы мектепке келіп оқыса, 78% оқушы онлайн арқылы оқуда.

- Қазіргі таңда коронавирустан төнетін қауіп әлі сиілген жоқ. Қашықтықтан оқуға оқушы мен ата-ана да бейімделу керек, - дейді басқарма басшысы.

Қашықтықтан білім беру кезеңінде күзгі демалыс уақыты мектеп оқушылары үшін өткен оқу жылымен салыстырғанда 2 күнге ұзартылды. Атап айтқанда, 2020 жылғы қараша айының 5-14 күндері аралығында. Ал алдағы екінші тоқсан туралы толық айта алмаймыз, бәрі де елдегі жағдайға байланысты, дейді жауапты мамандар.