ШЫМКЕНТ: ХІХ Азия ойындарына 55 спортшы қатысады

0
348

Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алуда дайындық жұмыстары қарқын алған.


ШЫМКЕНТ: ХІХ Азия ойындарына 55 спортшы қатысады

Шымкенттік спортшылар елімізде және әлемде болатын додаларда жоғары жетістікке жетуде дайындық жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына лицензияларды жеңіп алуда дайындық жұмыстары қарқын алған.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама сапында 1111 спортшы және Шымкент қаласынының құрама командасы сапында 3813 спортшы техника-тактикалық дайындықтан оқу-жаттығу жиындарында жаттығуда. Оның ішінде, 2023 жылдың қыркүйек айында өтетін ХІХ Азия Ойындарына 55 спортшы қатысады.
Шымкент спортшылары әлемдік деңгейдегі жарыстарда қаланың абыройын асқақатып жүр. Күні кеше Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алтынды қанжығасына байлады.
Бүгінгі таңда қала спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 316 алтын, 268 күміс, 284 қола медаль жеңіп алды. Ал, жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 17 алтын, 18 күміс және 17 қолаға қол жеткізсе, осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 қола медальге ие болды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының 6-бокстан жазғы спартакиадасы 15-21 мамыр аралығында Петропавл қаласында өтті. Аталған сайыста Шымкент құрама командасы 2 алтын, 4 күміс иеленіп, жалпы командалық есеппен 3- орын алды.

Атап айтқанда:

- 54 кг Жайна Шекербеков;
- 70 кг Мадина Нуршаева;
- 52 кг Жансая Рахымберді;
- 63 кг Лаура Есенкелді;
- 81 кг Салтанат Естаева;
- 81+кг Дина Исламбекова.

Еске сала кетейік, Шымкентте ұлттық спорт түрімен шұғылданатын азаматтар саны артып, 20 742 адамға жетті. 2022 жылдың статистикалық қорытындысына сәйкес, шымкенттіктердің 42 пайызы, яғни 498 852 адам дене тәрбиесімен айналысып, спортпен тұрақты түрде шұғылданады. Ұлттық спорт түрлерімен шұғылданатын азаматтар оның 4.1 пайызын құрап отыр. Мегаполисте ұлттық спорт түрлерін насихаттап, дамыту мақсатында Шымкент қаласының ұлттық және ат спорт түрлері бойынша кешенді спорт клубы жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда ұлттық спорт түрінен ҚР Еңбек сіңірген 2 жаттықтырушы еңбек етіп келеді. Сонымен қатар, ҚР жасөспірімдер, жастар, ересектер құрама командасының тізімінде 1 ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, 4 Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 8 ҚР спорт шебері, 111 Спорт шеберіне үміткер және І спорттық дәрежедегі 57 спортшы бар.