Шымкент: ХҚО қызметі алдын ала брондау арқылы көрсетіледі

0
2 534

Брондауға өтінімді egov.kz электрондық үкімет порталынан жіберуге немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы жазылуға болады.


Шымкент:  ХҚО қызметі алдын ала брондау арқылы көрсетіледі

Тұрғындардың көптеп жиналуын және вирусты жұқтыру қаупін болдырмау мақсатында ХҚО-тары азаматтарды қатаң түрде тек алдын жасалған брон негізінде қабылдайды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бұл эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты бас санитарлық дәрігердің қаулысы бойынша жүзеге асырылуда.
ХҚО ғимаратында қатаң түрде бетперде тағып, арақашықтықты сақтау керек.
Брондауға өтінім қалдыру үшін азаматтар egov.kz электрондық үкімет порталын, немесе 1414 қысқа нөміріне қоңырау шала алады.
Брондау рәсімінен кейін азаматқа ХҚО-ға бару уақыты туралы тиісті смс-хабарлама жолданады

Жұмыс кестесі: ДС-ЖМ 09:00-18:00 дейін үзіліссіз. Сенбі-жексенбі – демалыс.