Шымкент: Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп келеді

0
1 267

Шымкент қаласында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді.


Шымкент: Қоғамдық ұйымдар әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне ықпал етіп келеді

Шымкентте "Қоғам және мемлекет: Серіктестік пен дамудың 30 жылы "Birgemiz" тақырыбында II Азаматтық форумы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ашылу салтанатында Шымкент қаласының әкімі М. Әйтенов бейнебайланыс арқылы шығып, форумның жұмысына сәттілік тіледі.
- Үкіметтік емес ұйымдардың басты мақсаты – халықпен тығыз байланыста болу. Оларды жұмыспен қамту, тұрмысын түзеу, жұмысшылардың құқығын қорғау. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру жайлы айтты.
Үкіметтік емес ұйымдар Шымкентте де бірқатар әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етіп келеді. Бұл тұрғыда олар – мемлекеттің сенімді серігі. Бүгінде Шымкент қаласында 800-ге жуық үкіметтік емес ұйым жұмыс істейді. Азаматтық қоғам мүшелері қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қомақты үлес қосып келеді. «Азаматтық альянс» қауымдастығы қазіргі таңда Шымкенттегі әлеуметтік мәселелердің оң шешілуіне қал-қадірінше көмектесуде.Тұрғындардың арыз-шағымы негізінде халықтың мұқтажын, шешілмеген мәселелерін орындауда қалалық әкімдікпен бірлесе отырып, жұмыс істеуде.Үкіметтік емес ұйымдар – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Бүгінгі форумда біз қоғамды дамытуға бағытталған әрбір жоба мен шешімін күткен өзге де мәселелерді қозғап, бірлесіп талқылауға дайынбыз, - деді қала әкімі.
Форумға ҚР Қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, "Қазақстанның Азаматтық Альянсы" ЗТБ Президенті Бану Нұрғазиева, "Сана Сезім" әйелдер бастамасының құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Шахноза Хасанова, сондай-ақ ҮЕҰ, мемлекеттік және бизнес құрылымдар, қоғамдық кеңестер және т. б. өкілдері қатысып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, форум аясында семинарлар, дөңгелек үстелдер, пікірталас алаңдары, сұрақ-жауап, министрліктер мен ведомстволардың өкілдерімен салалық кездесулер жалғасады.