«Шымкент конькиі - 2022» ашық турнирі басталды

0
516

Жарысқа 350-ден астам спортшылар қатысып бақ сынауда.


«Шымкент конькиі - 2022» ашық турнирі басталды

Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Мұз Сарайы» спорт кешенінде Конькимен мәнерлеп сырғанаудан «Балалар жылына» арналған «Шымкент конькиі - 2022» атты ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасында конькимен мәнерлеп сырғанау спортын насихаттау және дамыту мақсатында қолға алынып отырған турнирді, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашып, спортшыларға сәттілік пен толағай табыстар тіледі.
Сондай-ақ, жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Қостанай, Теміртау облыстарынан бөлек Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 350-ден астам спортшылар қатысып бақ сынауда.
Айта кетейік, «Шымкент конькиі - 2022» ашық турнирі 03 – 06 мамыр аралығында өтетін болады.