ШЫМКЕНТ: Көп балалы аналар марапатталды

0
651

Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі өтіп, жиында аналарға құрмет көрсетілді.


ШЫМКЕНТ: Көп балалы аналар марапатталды

Бүгін Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің отырысы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аналар кеңесінің отырысы еліміздің барлық аймақтарында бір мезетте ұйымдастырылған. Мерекелік жиынға қалалық Ассамблея жанындағы Аналар кеңесінің мүшелері, «Алтын алқа», «Күміс алқа», иегерлері және де көп балалы аналар қатысты.

Жиында аналардың ел дамуына қосып жатқан үлесі, олардың қоғамдағы рөлі, атқарған жұмыстары жайында кеңінен сөз болды.

Сонымен қатар, Елбасының "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде айтылған көп балалы отбасыларды және халықтың әлсіз топтарын қолдау, халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты шешімдер жайында айтылды. Жиын барысында Елбасы тарапынан айтылған әлеуметтік қолдауларды қоғам ішінде жұртшылыққа қарапайым тілде түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшінбаршаны жұдырықтай жұмылуға шақырды.

"Қара шаңырақта 26 жылдан астам уақыт ата-енеммен бірге тату-тәтті өмір сүріп келемін. Келін ененің топырағынан жаралады деген қазақтың қасиетті сөзі бар. Енем де Алтын алқа иегері. Кезінде апамның жолын қуу мен үшні арман болатын. Міне, бүгінде сол арманымның іске асқанын қуаныштымын", - дейді «Алтын алқа» иегері Гүлзада Омашева.

Сондай-ақ, бірқатар көп балалы аналарға мерекелік сый-құрмет көрсетіліп, Алғыс хаттар табысталды.

Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі алдағы уақытта шаһар аумағындағы көпбалалы әйелдерді қолдау шараларын тұрақты ұйымдастыруды жоспарлап отыр.


Айтар жаңалығыңыз, бөлісер оқиғаңыз болса, +77752327733 whatsapp нөміріне жіберіңіз

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет