ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғынүй ауласында тұрған көліктің үстіне ағаш құлап түскен

0
1 233

Оқиға орнында апаттық-құтқару бөлімшесінің 4 құтқарушысы мен 1 техникасы жұмыс істеген.


ШЫМКЕНТ: Көпқабатты тұрғынүй ауласында тұрған көліктің үстіне ағаш құлап түскен

Шымкенттегі көпқабатты тұрғынүйдің ауласында тұрған «Opel veсtra» көлігінің үстіне ағаш құлап, қозғалысқа кедергі келтірген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2019 жылдың 18 тамызында, сағат 10:35-те жедел құтқару жасағының кезекші тетігіне Мангельдин көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Opel veсtra» автокөлігінің үсітіне ағаш құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.

Аула көшесіндегі қозғалысқа кедергі жасаған оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖД апаттық-құтқару бөлімшесінің 4 құтқарушысы мен 1 техникасы барып, бөгетті жойған және «Opel veсtra» автокөлігін құлаған ағаштың құрсауынан азат еткен. Айта кетейік, апаттық оқиғадан зардап шеккендер жоқ.