ШЫМКЕНТ: Көрме орталығында «Балбөбек» атты балаларға арналған көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

0
4 986

Аталған іс-шара қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған.


ШЫМКЕНТ: Көрме орталығында «Балбөбек» атты балаларға арналған көрме-жәрмеңкесі өтіп жатыр

Бүгін Шымкентте «Көрме орталығы»мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның ұйымдастырумен «Балбөбек» атты балаларға арналған көрме-жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» өткен жәрмеңке қазақ халқының бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған.

Атап айтсақ, іс-шара барысында көрмеге қатысқан балалар Абайдың қара сөздерін, өлеңдерін мәнерлеп оқудан жарысып, үздік атанғандар бағалы сыйлықтармен марапаттталды.

Сондай-ақ, «Балбөбек» атты балаларға арналған көрме-жәрмеңкесінде өңіріміздің кәсіпкерлері, 20-дан астам балалармен жұмыс жүргізу бағытындағы мекемелер балаларға арнап отандық өнімдерін ұсынды.

Сонымен қатар, бүлдіршіндердің көңіл-күйін көтеру мақсатында балалар ән шырқап, би билеп, мерекелік шараға арнайы келген сайқымазақ ұйымдастырған қызықты ойындар ойнатылды.