Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

0
765

Орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген.


Шымкент көшелерінде ерекше орындықтар пайда болды

Шымкент көшелерінде электронды кітаптар бейнеленген ерекше орындықтар пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл қызықты, әрі креативті жобаны қолға алған Шымкент қаласы орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі. Аталған кітапханалар жүйесіне қарасты №1кітапхана филиалының ауласында электронды кітаптар сөресі бейнеленген орындықтар қойылды.
Бұл орындықтарда қазақтың ақиық ақын, жазушыларының шығармалары, сондай-ақ әлемдік бестселлер кітаптарының мұқабасы суреттелген.
Бір қызығы әр орындыққа ерекше атау беріліпті. Мәселен, “Оқы. Таны. Талқыла” атты орындыққа Төлен Әбдіктің «Парасат майданы», «Өліара», «Оң қол», «Ақиқат» атты көркем дүниелері қойылса, «Мәдениеттің мәйегі – кітап» орындығына жазушы Ғ.Мүсіреповтың "Ұлпан", Ә. Нұршайықовтың "Махаббат қызық мол жылдар, М.Әбдәкімұлының "Сүлеймен қарақшы", С.Көбеевтің " Қалың мал" романдарын QR код арқылы электронды нұсқасын смарт телефон арқылы оқи аласыз.
Жалпы «Шымкент қаласының орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 24 кітапхана мемлекеттік бюджетке қарайды. Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесіне қарасты 1 – Абай атындағы қалалық орталық кітапхана, 23 – кітапхана бөлімшелері оқырмандарға кітапханалық қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, Шымкент қаласындағы А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапхананың «Алтын қорға үлес қос» жобасы аясында биылғы мектеп бітіруші түлектер кітапхана қорын ұлғайтуға атсалысып, өскелең жас ұрпаққа және жалпы қала тұрғындары мен кітапхана оқырмандары үшін сұраныстағы әдебиеттерді сыйға тартты.

Бұл бастаманы кітапхана қызметкерлері мектеп басшылығына ұсыныс білдіру арқылы жүзеге асырды. Бітіруші түлектер де қуана қолдап, кітапхана қорын ұлғайтуға кірісіп кетті.
Ұйымдастырылған жобаға Шымкент қаласындағы № 59, 115, 53, 42, 47, 120, 26 – шы және Арыс қаласы С.Адамбеков мектебінің бітіруші түлектері қатысып, жалпы саны 73 дана кітап кітапхана сөресінен орын тапты.