Шымкент көшелерінің қиылысында автокөлік өртенді

0
846

«Volkswagen Passat» автокөлігінің қозғалтқыш бөлігі, алдыңғы панелі және орындығы жанған.


Шымкент көшелерінің қиылысында автокөлік өртенді

Шымкенттегі Қазыбек би және Майлы қожа көшелерінің қиылысында «Volkswagen Passat» көлігінен өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, оқыс оқиға 2019 жылы 10 қазан күні кешкі сағат 21:42-де Шымкент қаласындағы Қазыбек би және Майлы қожа көшелерінің қиылысында орын алып, «Volkswagen Passat» автокөлігінен өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.

«Хабарлама келе сала, оқиға орнына 2 өрт сөндіру техникасы және жеке құрамнан 10 адам жөнелтіліп, қозғалтқыш бөлігі, алдыңғы панелі және орындығы жанып жатқан көлікті өрт сөндірушілер 8 минутта толық сөндірді», - делінген ТЖД-ның мәлімдемесінде.

Айта кетейік, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.