​ШЫМКЕНТ: Крещение рәсімі «Қошқар Ата» өзенінде өтеді

0
118

Арнайы рұқсат етілген шомылдыру аймағы «Қошқара ата» өзені болып белгіленген.


​ШЫМКЕНТ: Крещение рәсімі «Қошқар Ата» өзенінде өтеді

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы әкімдігінің Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Жабаев Жамбыл Убайдуллаұлы мен Шымкент қаласындағы Шіркеудің Діни қызметкері Александр Могилевскийдің қатысуымен қыс мезгілінде судағы қауіпсіздікті сақтау бойынша баспасөз конференциясы өтті.


«Жыл сайын қаңтардың 18-нен 19-ына қараған түні діндар христиандар құлшылық етіп, дұға жасайды. Мейрамды тойлау қарсаңында құлшылық жасаумен қатар, түнде ойықтағы мұздай суға шомылады. Суға шомылдыру рәсіміне жылда мыңнан аса қала тұрғыны келеді. Сондықтан аталған рәсім барысында төтенше жағдайлардың алдын алу үшін Департамент тарапынан бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылатын болады», - деді азаматтық қорғаныс подполковнигі Жамбыл Жабаев.

Арнайы рұқсат етілген шомылдыру аймағы «Қошқара ата» өзені болып белгіленген. Өзен аумағында дәрігерлер мен төтенше жағдай қызметкерлері суға түсуге келген адамдарды бақылауға алады.

Сонымен қатар, суға түсуге рұқсат етілмеген, алайда тұрғындар барып суға түсу ықтимал жерлерде арнайы рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылатын болады. Тыйым салынған жерлерде суға түсу фактілері анықталған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың 412 бабына сәйкес, 7 МРП көлемінде айыппұл төлейді.

Қазіргі таңда, қаламызда орналасқан су айдындарында мұз қатпаған. Алайда, төмен температураның әрі қарай үдеуіне байланысты, адамдардың су, мұз астына кетуі жағдайларын болдырмау мақсатында қала азаматтарына қауіпсіздіктің төмендегі шараларын сақтау керек екендігін ескертеміз:
- мұзға кіруде және шығуда адамдардың көпшілік тобымен жиналмауы, көптеген адамдар бір уақытта кездеспеуі;
- мұзға ұйымдасып шықпауы, «шомылу» ауданында көп санда жинақталмауы;
- судың массалық жиналуы болған ауданында ағаш стеллажы немесе басқыш қойылуы;
- жабдықталған баспалдақпен суға түсу, мұз түбіне кетпеу, құлау немесе жарақаттану жағдайын болдырмас үшін, тор тартылған немесе ағаш басқышпен жабдықталған түбі бар орындарда шомылуы тиіс;
- «шомылу» ашық ойығынан тыс жерде шомылуға тиым салынады;
Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған ескерту, сақтандыру сипатындағы хабарландыру, мақалалар, жаднамаларды міндетті түрде оқуларыңыз қажет.

Суға түсушілерге: Егер сіз салқын суға түсуді жоспарласаңыз, жоғарыдағы нұсқауларды ұстанып, өзіңізді іштей дайындағаныңыз абзал.
Егер сіз адамның мұз астына түскенін көрсеңіз, дереу 101 немесе 112 телефондары арқылы хабарлаңыз. Өз күшіңізді асыра бағалауға болмайды.