ШЫМКЕНТ: құқығы бұзылған қала тұрғынының өтініші қанағаттандырылды

0
277


ШЫМКЕНТ: құқығы бұзылған қала тұрғынының өтініші қанағаттандырылды

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қала тұрғынының құқығын қалпына келтірді.

Аталған департаментке қала тұрғынының мемлекеттік көрсетілетін қызмет түріне қатысты өтініші түскен.

Өтінішке сәйкес, өтініш иесі мемлекеттік «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес АҚ» Шымкент қаласы бойынша филиалынан «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызметінен негізсіз бас тарту алғанын көрсетіп, жауапты тұлғаның тәртіптік жауапкершілігін қарауды сұраған.

Департаментпен аталған өтініш қаралу барысында арызда көрсетілген мән-жайлар өз дәлелін тауып, Филиал қызметкерінің функционалдық міндетін тиісті дәрежеде орындамай, өтініш иесінің құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіргендігі анықталды.

Осыған байланысты, Филиалдың кемшілікті жіберген қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін тәртіптік кеңесіне ұсынылды.

Нәтижесінде, өтініш иесінің жүгінген мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі Филиал тарапынан беріліп, қала тұрғынының құқығы қалпына келтірілді.

Бөлісу