ШЫМКЕНТ: Құрбан айт намазы қаланың барлық мешіттерінде оқылады

0
1 051

Құрбан айт намазы 9 шілде күні таңғы сағат 6:40-та оқылады.


ШЫМКЕНТ: Құрбан айт намазы қаланың барлық мешіттерінде оқылады

Шымкент қаласында құрбан айт намазы 9 шілде күні таңғы сағат 6:40 қаланың барлық мешіттерінде оқылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Шымкент қаласының бас имам орынбасары Мұхамеджан Естеміровтің қатысуымен өткен брифинг барысында айтылды.
«Қаржылай мүмкіндігі бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Ал шамасы келмеген адамға Алла Тағала мұндай міндет жүктемеген. Айт күндері аз да болса садақа беріп, қараусыз қалған қарттарға, жетімдер мен көпбалалы отбасыларға көңіл бөлу – сауапты іс. Құрбан айт намазын оқу, қатысу ер мен әйелге уажіп амал болып саналады. Мұсылман қауымын мейірімділік пен бірлікке үндейтін мерекеде барынша жақсылық жасауға тырысайық», - деді спикер.
Сондай-ақ, мереке күндері құрбандық шалушылар мен көмек алушыларға барынша ыңғайлы және ашық болуы үшін ҚМДБ-ның https://www.qurban2022.kz/ru/ сайты арқылы онлайн және офлайн құрбандық шалу рәсімдері мен мешіттерде қайырымдылық шаралары ұйымдастырылатын болады.
Үш күн бойы санитарлық талаптардың барлығына сәйкес келетін арнайы «Бозарық» қасапханасы мен қаланың төрт мешітінде бекітілген адамдар қызмет жасайтын болады.