ШЫМКЕНТ: Құрылыс материалдар дүкені мен қоймасы өртенді

0
370

Өрттің шығу себебі анықталуда.


ШЫМКЕНТ: Құрылыс материалдар дүкені мен қоймасы өртенді

Шымкент қаласында құрылыс материалдар дүкені мен қоймасы өртенді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2024 жылы 17 қаңтар 01:15 минутта Шымкент қ. Әл-Фараби ауданы, Әйтеке би көшесінің бойында Эвролюкс құрылыс материалдар дүкенінің сату орнымен қоймасы жанып жатқандағы жөнінде хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келген мезетте Евролюкс, Гармония, Марморит, Мэдина құрылыс материал сататын дүкендердердің сату орындары мен қоймалары жанып жатқандығы анықталды. Өрттің көлемі 1300 кв метр, жалпы ғимарат көлемі 2500 шаршы метрді құрайды.
ТЖД 3 шақырту бойынша күшейтілген режимде жұмыс атқаруда. Өрттің шығу себебі анықталуда", – делінген Шымкент қалалық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.