ШЫМКЕНТ: құрылыс объектілері бойынша 501 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған

0
326

қала бойынша 31 құрылыс нысандарын мәжбүрлеп бұзу туралы тиісті құжаттар сотқа жолданған.


ШЫМКЕНТ: құрылыс объектілері бойынша 501 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылған

Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы 2023 жылғы бірінші жарты жылдықта атқарылған жұмыстары туралы айтып, өзекті сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Шымкент қаласы әкімдігінің «Ақпараттық-комуникациялық орталығында Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының 2023 жылғы 1 жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы басқарма басшысыНұрдаулет Құрбанбекұлы баяндайды.

Баспасөз конференциясы Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысумен өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарынжәне жер кодексінің талаптарын бұзғаны үшін, Басқарма тарапынан 2023 жылдың 1 жартыжылдығында жалпы 191 (сапасына қатысты – 17, заңсыз құрылыстарға қатысты – 165 , үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын бұзу бойынша - 9) құрылыс объектілері бойынша 501 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде: қала аумағындағы заңсыз құрылыстарға қатысты -165, құрылыс объектілері бойынша 475 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес заңсыз және заң нормалары сақталмай жүргізілген қала бойынша 31 құрылыс нысандарын мәжбүрлеп бұзу туралы тиісті құжаттар сотқа жолданған. Бүгінгі күнге 13 сотта қаралуда, 18 мәжбүрлеп бұзу туралы сот шешімі шыққан, оның ішінде: 8 сот орындаушы палатасына жолданған; 4 сот шешіміне сәйкес мәжбүрлеп бұзылды; 6 аппелициялық сотта қаралуда.

Үй ішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсететін мекемелері бойынша Шымкент қаласының «109 I-көмек» ситуациялық орталығымен интеграциялау жұмыстары жүргізілген, тұрғындардың Үй ішілік газ құрылғыларына (жабдықтарына) қызмет көрсететін і мекемелері бойынша түскен өтініштері үнемі бақылауда екені атап айтылды.