ШЫМКЕНТ: Қылмыстық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

0
932

Азаматтың денесіне жеңіл түрде зақым келтіру, ұрып-соғу баптары алынып тасталды.


ШЫМКЕНТ: Қылмыстық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді

Қылмыстық кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық сотының судьясы Дінмұхаммед Әзіретқұлов және Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешовтің қатысуымен сот жүйесіндегі жаңашылдықтар мен жетістіктер және Конститутциялық сот тақырыбында өткен баспасөз брифингте айтылды.
ҚР Қылмыстық кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Толығырақ айтқанда, азаматтың денесіне жеңіл түрде зақым келтіру, ұрып-соғу баптары алынып тасталды. Дегенімен кейбір қылымстық баптардың жазалары күшейтіліп жатыр. Яғни мал ұрлау, масаң күйде көлік жол апатын жасаған деген баптар шықты. Ал терроризмді насихаттау, сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар, зорлау, ұрлық, тонау, алаяқтық, бұзақылық, үй-жайға заңсыз кіру қылмыстарына жаза аурлатылды, - деді қалалық соттың судьясы Дінмұхаммед Анқабекұлы.
Баспасөз мәжілінде Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының төрағасы Еркебұлан Тулешов соттың қарауына қазір түсіп жатқан қылмыстық істердің 80 пайызы электронды форматта қаралатынын және ешқандай қылмыстық іс қағаз жүзінде қаралмайтынын жеткізді.
Сонымен қатар соңғы жылдары соттың қарауына түсіп жатқан қылымыстық істердің саны азайып, ақтау үкімі көбейюде.