ШЫМКЕНТ: «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

0
565

«Қыс-2023» РКШО барысында қала аумағында 23 қараша сағат 12. 55 минутта құлақтандыру жүйесі іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады.


ШЫМКЕНТ: «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі

2023 жылғы 23-24 қараша аралығында Шымкент қаласында «Қыс-2023» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оқу-жаттығу барысында азаматтық қорғау қызметтері мен №6506, 35748 әскери бөлімдерінің күштер мен құралдарын дайындыққа келтіру және өзара іс-қимылдарды пысықтау бойынша практикалық іс-шаралар өткізіледі.
«Қыс-2023» РКШО барысында қала аумағында 23 қараша сағат 12. 55 минутта құлақтандыру жүйесі іске қосылып, құлақтандыру жүйесіне техникалық тексеру жүргізілетін болады. Бұл іс-шара халыққа «Баршаның назарына!» бірыңғай құлақтандыру сигналына ден қою тәртібін дағдыландыру мақсатында өткізіледі. Осыған байланысты үрейге жол бермей, сабыр сақтауларыңызы сұранамыз!