Шымкент қызғалдақтары Душанбеде

0
2 371

Гүлдер фестивалінде Шымкент қызғалдақтарының көшеттері Тәжік жеріне отырғызылады.


Шымкент қызғалдақтары Душанбеде
«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылау салтанатында Душанбе қаласына 2200 қызғалдақ көшеті, 2200 кітап, қала тұрғындарының тілектері жазылған 2200 тұмар және "Отты қызғалдақ" керамикалық ваза сыйлық ретінде жіберілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Таяуда Душанбе қаласының төрағасы Рустам Эмомали Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновке жазған хатында шымкенттіктердің ізгі ниетіне алғысын жеткізді.

– 2021 жылғы Душанбе қаласына Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы мәртебесін беру құрметіне орай жіберген тамаша сыйлықтарыңыз үшін шынайы ризашылығымды қабыл алыңыз. Биылғы жыл қалаларымыз арасында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін, жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер беретініне сенімдімін, – делінген Душанбе қаласының төрағасы жолдаған хатта.
Душанбе қаласы басшылығының мәлімдеуінше, қызғалдақ көшеттері ақпан айының соңына дейін арнайы қоймада сақталады. Кейіннеy, олар "Душанбе - ТМД-ның мәдени астанасы 2021" жылының ашылуына орайластырылған гүлдер фестивалінде Шымкент қызғалдақтарының көшеттері тәжік жеріне отырғызылады.
Ал, сыйға тартылған кітаптар наурыз айында Душанбе қаласы ұйымдастыратын үздік кітапхана және үздік кітапханашы байқауында тарту етілмек.