ШЫМКЕНТ: Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына арнайы оқу бөлмесі ашылды

0
1 092

Тайыр Нақыпжанұлы қылмыскерді ұстау барысында мерт болған.


ШЫМКЕНТ: Қызмет бабында ерлікпен қаза тапқан полицейдің атына арнайы оқу бөлмесі ашылды

Шымкент қаласында қылмыскерлерді ұстау барысында қаза тапқан Тайыр Нақыпжанұлы Шералиевтың атына арнайы оқу бөлмесі ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Шымкент қаласында ҚР ІІМ Б.Момышұлы атындағы оқу орталығында аталған мекеменің түлегі, қылмыскерлерді ұстау барысында 23 жасында ерлікпен қаза тапқан Тайыр Нақыпжанұлы Шералиевтың атына арнайы оқу бөлмесі ашылып, еске алу кеші өтті.

Аталған игі іс бейбіт елдің батырларын кейінгі жас ұрпаққа үлгі ете отырып, қызмет барысында түрлі сынақтар мен жауапты сәттердің болатынын ұғындыру және патриотизмді қалыптастырып, мамандыққа деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған.