Шымкент маңынан жойқын өрт шықты (видео)

0
1 821

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің орын алғанын растады.


Шымкент маңынан жойқын өрт шықты (видео)

Шымкент қаласында жарылыс болып, өрт шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Нақтырақ айтқанда, Шымкент қаласы аумағына қарайтын Тассай ауылы, Жібек жолы даңғылының бойында орналасқан жанар жағармай құю бекеті маңында сағат 11.15 шамасында жарылыс болып өрт шықты.

"Тілсіз жау көшеге қарай жақындап барады. Ол жерде газ құю, жанар жағар май құю бекеті бар" дейді куәгерлер.

Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өрттің орын алғанын растады.

"Өрттің жалын күші соншалықты кондиционер қосылып терезесі түгел жабық тұрған көліктегі біздің бетімізге ыстық леп келді", дейді өрт кезінде сол маңнан жүріп өткен куәгерлер.


кездейсоқ куәгерлер түсірген видео