Шымкент: Мәслихат депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

0
2 422

Шымкентте 348 644 азамат өз таңдауын жасаған.


Шымкент: Мәслихат депутаттарын сайлаудың алдын ала қорытындысы белгілі болды

Шымкент қалалық мәслихаты депутаттары сайлауының алдын ала қортындысы бойынша «Nur Otan» партиясы 78.63% дауыспен жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайрат Құнанбаев мелімдеді.

Спикердің сөзінше, «Ақ жол» партиясы — 9.6%, «Ауыл» партиясы — 9.44 %, ҚХП - 1.3%, «Adal» партиясы - 1.03% пайыз дауысқа ие болған.

Жалпы Шымкентте дауыс беруге құқылы 617 027 азамат болса, оның 348 644-і өз таңдауын жасаған. Сайлауға қатысушылардың көрсеткіші 56.5 %-ды құраған. Одан басқа 7975 бюллетень жарамсыз деп танылған, 274 553 бюллетень жойылған.

Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы бұл тек алдын ала мәліметтер екенін, қорытынды мәлімет 2 күннің ішінде белгілі болатынын атап өтті.