ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы ОҚУ Әзірбайжан елінің 4 университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

0
536

Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде.


ШЫМКЕНТ: М.Әуезов атындағы ОҚУ Әзірбайжан елінің 4 университетімен ынтымақтастық меморандумына қол қойды

Әзірбайжан еліндегі «Шымкент күндері» аясында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті оқу ордаларымен ынтымақтастық меморандумына қол қойды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Қазақстан мен Әзірбайжан мемлекеттерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл. Осыған орай, атаулы күндер қарсаңында түрлі мерекелік және таныстырымдылық, гастрономиялық шаралар ұйымдастырылуда.

Туристік әлеуетті дамытып, таныстыру мақсатында road show шарасында М.Әуезов атындағы ОҚУ ректоры Д.Қожамжарова Әзірбайжан елінің төрт университетімен тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты дамыту туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, Әзірбайжан елінің астанасы Баку қаласында «Welcome to Kazakhstan» атты еліміздің өңірлерінің қатысуымен туристік-мәдени күндер өтуде.

Осы мақсатта бір аптаға жоспарланған “Шымкент қаласының күндері” аясында Оңтүстік өңірдің қонақжайлылығын, гастрономиялық тағамдарын, мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен таныту жоспарланған. Шымкент делегациясының құрамында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Айбек Саттыбаев, Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Ерлан Қыдыров, қалалық мәслихаттың хатшысы Бахадыр Нарымбетов бастаған депутаттар бар.

Ерлан Қыдыров екі елдің тарихи-мәдени құндылықтарының ұқсастықтарын сөз етіп, өткен айда ұйымдастырылған Туристік ақпараттық орталықтардың I слетінде Әзірбайжан елі оң көзқарас танытып, белсенді қатысқанын айтып өтті.

Жалпы, келушілер тек қаланың туристік әлеуетін танып қана қоймай, “Сандық” ресторанының ұлттық тағамдарын, Майра Мұхамедқызының опералық әндерін және Бағжан Октябрьдің виолончельмен тартқан әуендерін тыңдап, “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығы ұсынған VR-көзілдірік арқылы виртуалды Шымкентке көз жүгіртті.