Шымкент медицина институты түлектеріне диплом табысталды

0
3 408

Шымкент медицина институты бойынша осы жылы 610 түлек бітіріп, 14 бітіруші үлгілі диплом иегері атанып отыр.


Шымкент медицина институты түлектеріне диплом табысталды

ERNUR.KZ. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент медицина институты түлектеріне диплом табысталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Дипломнан кейінгі білім беру факультетінің бітіруші түлектеріне арналған «Диплом табыстау» рәсімі 5 шілде күні Шымкент қаласы орталық саябағында өтті.

Аталған шараға Шымкент қаласының әкімі Ғ.Әбдірахымов, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың ректорыБ.Абдрасилов, оқу орнының вице-президенттері, профессор Н.Ажиханов, Т.Раимбердиев қатысты.

Туыстары мен ата-аналары құттықтап келген бітірушілерге кештің құрметті қонақтары диплом табыстап, сәттілік тіледі. Кеш соңында түлектер ұстаздары мен оқу орнына деген алғысын әнмен жеткізді.

«Түркістан қаласындағы 5 жылдық бакалаврдан кейінгі Шымкент институтындағы 2 жылдық интернатураны биыл 586 түлек бітіріп отыр, олардың арасында 38-і үздік диплом иегерлері. Біздің түлектер жыл сайын көршілес облыстардағы кадр жетіспейтін мекемелерге жұмысқа орналасады. 25 пайызға жуығы Түркиядағы білім жетілдіру орындарына оқуға түседі» , — дейді түлектердің ұстазы Айнұр Сариева.

Айта кетейік, жалпы Шымкент медицина институты бойынша осы жылы 610 түлек бітіріп, 14 бітіруші үлгілі диплом иегері атанып отыр.