Шымкент: Мектептерге 100% бейнебақылау камерасы орнатылды

0
1 601

​2021 жылы Шымкент қаласындағы мектептерге қосымша 1 755 жаңа үлгідегі бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған.


Шымкент: Мектептерге 100% бейнебақылау камерасы орнатылды

2021 жылы Шымкент қаласындағы мектептерге қосымша 1 755 жаңа үлгідегі бейнебақылау камераларын орнату жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы қалалық білім басқармасының басшысы Ж. Тәжиева мәлімдеді.

- Қазіргі таңда барлық мемлекеттік білім беру мекемелері 100 % бейнебақылау камерасымен қамтылды. Әжетханасы сыртта орналасқан 36 мектептің жұмыстары толығымен аяқталып, ішке ауыстырылды, - деді қаланың бас педагогы.
Биыл мектептердегі пән кабинеттерін жаңғырту жұмыстары жүргізілді. 5 380 кабинеттің 1734-і заманауи жабдықтармен жарақтандырылды. Келесі жылы 250 химия, биология, физика кабинеті мен 13 дана STEM, 9 дана логопед кабинетін ашу жоспарланып отыр.