​Шымкент мектептерінде орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі

0
2 545

Жалпы үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы шешіледі деп жоспарлануда.


​Шымкент мектептерінде орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі

Шымкент қаласында үш ауысымда білім беретін мектептер мәселесі 2023 жылы, ал орын тапшылығы 2025 жылға дейін толығымен шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласында сапалы білім беру үшін жағдай жасау мақсатында 5 жылға арналған кешенді жоспарға сәйкес, 2025 жылға дейін 86 079 орындық 101 мектеп салынады.

Қалалық білім басқармасының дерегінше, 2021 жылы 11 064 орынға арналған 25 мектеп пайдалануға тапсырылған. Оның ішінде 4 мектеп мемлекеттік, 21 мектеп жекеменшік. Нәтижесінде, жаңа оқу жылында апатты мектеп мәселесі толығымен жойылып, үш ауысымды мектептер саны 14-тен 9-ға төмендеді.
Мектептердің жөндеу жұмысына тоқталсақ, бүгінгі таңда қалада жалпы 34 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 10 нысанның құрылысы 2021 жылдан өтпелі, ал 24 нысанның құрылысы жаңадан басталған. Жыл соңына дейін 12 990 орынға арналған 4 мемлекеттік 13 жекеменшік мектепті пайдалануға тапсыру жоспарланып отыр.
Атап айтар болсақ, биыл мемлекеттік бюджет есебінен:
- №47 мектепке 300 орын;
- №46 мектепке 300 орын;
- №38 мектепке 375 орын;
- №80 мектепке 375 қосымша құрылыс салынды.
Ал, жеке инвесторлар есебінен Абай ауданы бойынша:
- 250 орындық "Кеменгер" жекеменшік мектеп;
- 500 орындық «Мадейра Мерей» ЖШС жекеменшік мектебі;
- 575 орындық "Жас дарын-3" жекеменшік мектебі;
- 295 орындық "Жас дарын-4" жекеменшік мектебі;
- 200 орындық "Асыл Дарын" жекеменшік мектебі;
- 450 орындық "FGS-Болашақ ұрпақ мектебі" бастауыш, негізгі мектебі" ЖШС;
- 400 орындық "Общеобразовательная школа им. Аблай" жекеменшік бастауыш мектебі;
- 180 орындық «Зерек» жалпы орта мектебі»;
- 100 орындық «SAMGAU» жекеменшік мектебі;

Әл-Фараби ауданы бойынша:
- 1200 орындық "№1 TALANT" жалпы білім беретін мектеп" ЖШС жекеменшік мектеп;
- 300 орындық OSKAR жекеменшік мектебі.

Еңбекші ауданы:
- 500 орындық "Өнер" жекеменшік мектебі;
- 595 орындық «Alash school» ЖШС жекеменшік мектеп.


Қаратау ауданы:
- 228 орындық Әлихан Бөкейхан атындағы жекеменшік бастауыш мектебі;
1200 орындық "PARASAT AJ" ЖШС жекеменшік мектебі;
- 500 орындық "Keremet-City" жекеменшік мектебі;
- 840 орындық «Alan lnternational school» жекеменшік мектебі;
- 300 орындық «Жас-Дарын-5» жекеменшік мектебі;
- 240 орындық «Нұртас» интеллектуалды жалпы орта мектебі» ЖШС жекеменшік мектеп;
- 240 орындық "Жас-Қанат" жекеменшік мектебі;
- 300 орындық "Жан-Нұр" жекеменшік мектебі.
Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 9-дан 5-ке төмендейтін болады.
Шымкент қаласы білім басқармасының мәліметіне сүйенсек, қаламыздағы 23 мекеме күрделі жөндеуді қажет етеді. 2021 жылы 1 мектеп, 2 балабақша, 1 колледжге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы 5 білім беру ұйымына күрделі жөндеу жүргізуге 2 372,8 миллион теңге қаржы қаралды. Бүгінгі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 4 мекеменің жобалау-сметалық құжаттамасы дайындалып қойған. Одан бөлек, 19 мекемеге жобалау-сметалық құжаттама дайындалуда.
Сонымен қоса, 2021 жылы 28 мектептің ауласына типтік үлгідегі спорт алаңшалары орнатылды. 2022 жылы 6 мектепке спорт алаңша орнатуға 249,1 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі таңда орнату жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік, Шымкент қаласында жалпы 841 білім беру ұйымдарында 373 920 тәрбиеленушілер білім алуда.