ШЫМКЕНТ: Мектептің төменгі сынып орындықтары талапқа сай болмай шықты

0
1 326

ҚР Парламент Мәжіліс депутаттары «Сәуле» мөлтекауданындағы №76 мектеп ұжымымен, сондай-ақ мектептің құрылыс барысымен танысу кезінде анықталды.


ШЫМКЕНТ: Мектептің төменгі сынып орындықтары талапқа сай болмай шықты

Шымкентке іссапармен келген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары мектеп аралау кезінде төменгі сынып оқушыларының орындықтары стандартқа сай емес екендігін анықтады, деп хабаралайды ERNUR.KZ тілшісі.

ҚР Парламент Мәжіліс депутаттары «Сәуле» мөлтекауданындағы №76 мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында білім ошағының жаңа ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысады. №76 мектеп жанынан қазіргі таңда қосымша 300 орындық оқу ғимараты, спорт залы, шеберхана мен асхана ғимараттары бой көтеруде.

Құрылыс барысымен танысу кезінде төменгі сынып бөлмесіне кірген ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов оқушылардың орындығының стандартқа сай еместігін аңғарып, балалардың денсаулығына кері әсер ететіндігін айтып алаңдады.

"Құрылыс жұмыстарының бәрі дұрыс. Негізі өзі стандарттар бар. Мысалы; құрылыс қалай жұргізілу керек, мектептің құрал-жабыдығы қалай болу керек, лабораториялары қалай болу керек. Сондай-ақ балалардың отыратын орындығының өз талаптары бар. Ал мында қойылған орындықтар сол талаптарға сай келмейді. Осының құрылысын жүргізіп жатқан компания өкілі жөндейміз деп отыр", деді ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғанов.

Мектептің құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Штаб ССО» ЖШС мекемесі. Жаңа ғимаратты пайдалануға беру уақыты 2019 жылдың 25 мамыры деп жоспарланған. Жобаның жалпы құны 15 216 мың теңге. Құрылыс жұмыстары Шымкент қаласының бюджеті есебінен қаржыландырылған.

Мердігер мекеменің өкілі ҚР Парламент Мәжіліс депутаты Әбдіманап Бектұрғановтың көтерген орындықтар мәселесіне өз жауабын берді.

"Жоспар бойынша қойдық. Бұл 2013 жылы проект яғни ескі проект. Жаңа стандарт қазір бекітілген жоқ, жаңа стандарт бекітілсе оны ауыстырып беруге қарастырып көреміз. Бірақ қазір бұл проектке сай қойылған. Стандартты ашып көреміз, егер стандарт болса ауыстырып беруге дайынбыз", - деді «Штаб ССО» ЖШС директорының орынбасары Қуанышбек Божбанов