​ШЫМКЕНТ: Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз пайдаланғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0
573

Жер иелеріне жауапты мамандар мәселенің мән-жайын талқылай отырып, заңдылықтардың сақталуын ескертті.


​ШЫМКЕНТ: Мемлекет меншігіндегі жерді заңсыз пайдаланғандарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Шымкент қаласында мемлекет меншігіндегі жерлерді пайдаланудағы заңдылықты сақтау бойынша түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жер иелеріне жауапты мамандар мәселенің мән-жайын талқылай отырып, заңдылықтардың сақталуын ескертті.

Белгілі болғандай, Абай ауданына қарасты Төлеметов көшесінің бойында ағаш сататын сауда қатарларының иелерімен мемлекеттік жерді пайдаланудағы заңдылықтарды сақтамаған. Жеке азаматтың атына рәсімделген бұл сауда орнының аумағы 8 625 шаршы метрді құрайды. Осынша аумақты алып жатқан бұл жердің иесі қосымша мемлекеттің меншігіндегі 1 гектар аумақты заңдылықтардыескермей, пайдаланып келгені белгілі болып отыр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда жер учаскелерін ішнара өз бетіншепайдаланған жерде 4 бөлшек сауда орны жұмыс істеп тұр. Ол жерде 20-дан астам сауда қатары орналасып, күні бүгінге дейін құрылысқа қажетті заттар сатумен айналысуда.Осыған орай, жауапты мамандар сатушыларға бұл жер телімдері мемлекеттің меншігі екені,енді белгіленбеген орындарда сауда жасамау туралыескерту берілді. Сатушыларға басқа сауда орындарына көшу қажеттілігі де ескертілді.

Айта кетейік, Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Базарқақпа тұрғын алабы Абдулабад көшесі №56 мекенжайында орналасқан «Басымбек ата Сайрам» мал базарының жұмысына зерделеу-түсіндіру жүргізу мақсатында арнайы жиын өтті. Оған құзырлы басқармалардың және аумақтық инспекциялардың өкілдері қатысты. Қазіргі таңда аптаның әр жұма күні бұл базарда мал ретсіз, қадағалаусыз сатылып жатыр. Сонымен қатар ветеринариялық-санитарлық талаптарға қайшы және жердің нысаналық мақсатына сай емес пайдалануда. Бұл өз кезегінде аумақта эпизотиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге кері әсір етіп, адам өмірі мен қоршаған ортаға аса қауіпті аурулардың пайда болуына алып келуі мүмкін.