ШЫМКЕНТ: "Мерейлі отбасы - 2022" ұлттық байқауының аудандық жеңімпаздары анықталды

0
714

Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған.


ШЫМКЕНТ:

Шымкент қаласында "Мерейлі отбасы - 2022" ұлттық байқауының аудандық жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған. Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі.

Шымкентте «Мерейлі отбасы - 2022» байқауына қатысуға өтініш білдірген белсенді отбасылар саны артты. Былтыр конкурсқа қатысуға 110 отбасы ниет етсе, биыл 128 отбасы құжат тапсырған.

Қазіргі таңда төрт аудан бойынша аудандық деңгейде өткен конкурс өз мәресіне жетті. Абай ауданы – 33, Әл-Фараби ауданы – 30, Еңбекші ауданы – 31, Қаратау ауданы – 34 мерейлі отбасы тиісті құжаттарын тапсырып, жеңімпаздарды анықтау бойынша құрылған комиссия өз шешімдерін шығарды. Әр ауданнан 4 отбасыдан жалпы 16 отбасы жеңімпаз атанды. Олар қалалық кезеңге жолдама алды.

Атап айтатын болсақ,:

- Абай ауданы бойынша: Тоқтиевтар отбасы Қаржаубаевтар отбасы, Сыздықовтар отбасы, Шаймырзаевтар отбасы;

- Әл-Фараби ауданы бойынша: Бидайбековтар отбасы, Абдихановтар отбасы, Шамшиевтер отбасы, Баймахан отбасы;

- Еңбекші ауданы бойынша: Байбосыновтар отбасы, Бақтыбаевтар отбасы, Тенизбаевтар отбасы, Шукуровтар отбасы;

- Қаратау ауданы бойынша: Жақыповтар отбасы, Есенамановтар отбасы, Бойшевтар отбасы, Адилбаевтар отбасы;

Енді, қалалық кезеңнің жеңімпаздары 15 шілдеге дейін анықталатын болады. Қалада үздік деп танылған отбасылар республикада бақ сынайды.

Айта кетейік, 2021 жылы өткен "Мерейлі отбасы" байқауына Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы - 31, Әл-Фараби ауданы - 20, Еңбекші ауданы - 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдаған еді. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсеткен.