ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер кабылдау басталды

0
554

Құжаттар 2022 жылғы 23 мамырдан 23 маусымға дейін қабылданады.


ШЫМКЕНТ: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына өтінімдер кабылдау басталды

Шымкент қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысу үшін өтінімдер кабылдау басталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған конкурс отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғыртуға, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіруге және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасылардың мүшелері жіберіледі.
Конкурсты өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімдігінің www.gov.kz сайтынан танысуға болады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар 2022 жылғы 23 мамырдан 23 маусымға дейін келесі мекен-жайларда қабылданады:
- Абай ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан, № 3А. Байланыс: +7 (7252) 53-02-00;
- Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, № 49. Байланыс: +7 (7252) 54-58-46;
- Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, № 119. Байланыс: +7 (7252) 53-27-42;
- Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Бәйдібек би даңғылы, №60. Байланыс: +7 (7252) 77-45-96.


Айта кетейік, 2021 жылы өткен "Мерейлі отбасы" байқауына Шымкент қаласының тұрғындары арасынан Абай ауданы - 31, Әл-Фараби ауданы - 20, Еңбекші ауданы - 20, Қаратау ауданы – 39 барлығы 110 өтініш қабылдаған еді. Бұл 2019 жылмен (31 отбасы) салыстырғанда 4 есе көп отбасы қатысқандығын көрсеткен.
Шымкентте өткен қалалық кезеңнің тағы бір ерекшелігі байқауға қатысушылар арасында көп балалы және жас отбасылардың саны 2 есе артып, анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған болатын.

Нәтижесінде Алиевтер отбасы комиссияның шешімімен жеңімпаз деп танылған еді.